Cемей5°С
Ауа-райы
  • Абай14°С
  • Аягөз17°С
  • Ақсуат16°С
  • Бородулиха18°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар17°С
478.93 534.96 5.16

Қылмыстық процеске қатысушыларды мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру қағидалары бекітіледі

1-03-2023, 10:12 Думан Кенжеғазыұлы

Әскери полиция бас басқармасы қорғаныс ведомствосы басшысының «Әскери басқару органдарының мемлекеттік қорғау шараларын қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығының жобасын дайындады.

Қағидаларда әскери басқару органдарының қылмыстық процеске қатысатын адамдарға қатысты қауіпсіздік шараларын жүзеге асыру тәртібі айқындалған.

Аталған нормативтік құқықтық құжат 2023 жылғы 3 қаңтарда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының қабылдануына байланысты қайта қаралды.

Бұйрық жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында «Ашық НҚА» бөлімінде осы жылдың 13 наурызына дейін мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14430391 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив