Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
535.13 627.44 6.52

Аулаларды абаттандыру жұмыстары жаңа деңгейге көтеріледі

16-01-2025, 11:43 Талшын Қалиасқар

Қала әкімі аула аумақтарын абаттандыру бойынша көшпелі кеңес өткізді. Кеңеске тиісті бөлім басшылары мен жауапты мердігер қатысты. Бүгінде тұрғындар ойын алаңдарын жаңартып, орындықтар орнату керек екенін жеткізген. 

Әкім Пушкин көшесі, 100, Ибраев, 111, Козбағаров, 9 мекенжайларының аула аумақтарының жағдайын өз көзімен көріп, әрбір ауланы аралап, инфрақұрылымын, балалар ойын алаңдары мен демалыс орындарын тексерді.  Алдағы уақытта абаттандыру жұмыстары қолға алынып, қала халқының жайлы өмір сүруіне жағдай жасау үшін барлық қажетті шаралар қабылданады.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 67 аула аумағы абаттандырылып, жылу трассасының құбырлары мен су құбырларын ауыстыру, асфальттау, балалар мен спорт алаңдарын орнату сияқты кешенді жұмыстар жүргізілген болатын.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив