Баға бақылауда
Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов «Северный» сауда-логистикалық орталығына барып, азық-түлік өнімдерінің бағасын тексерді. Бүгін орталыққа Көкпекті ауданының шаруалары кезекті мәрте өз өнімдерін әкеліп отыр.
Жәрмеңкеде 4 бас cиыр еті, 6 бас қой еті, 2 бас жылқы еті, 100 келі балық, 100 келі бал, 200 келі сүт және 50 келі шұжық өнімдері нарықтық бағадан 10-15 %-ға төмен бағада саудаланды.Облыс әкімінің орынбасары жәрмеңкені аралай жүріп өнімдерін делдалсыз саудалаушы шаруалармен тілдесті. Тұтынушыларға табиғи әрі сапалы азық-түлік өткеру жайы айтылды.
Облыс әкімінің орынбасары сауда орталығының зертханасының жұмысымен де танысты. 19 түрлі әлеуметтік азық-түлік бағасына мән беріп, орталық басшына бағаны тұрақты ұстап тұруға қатысты нақты тапсырмалар берді.