Cемей18°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Картоптың қымбаттауына жол берілмейді

20-01-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сүлейменов қаладағы картоп сақтайтын қоймаларда болып, қор мөлшерін қадағалады.

«Семей ӘКК» АҚ тұрақтандыру қоры «Агрофирма Приречное» ЖШС - мен картоп, қырыққабат, сәбіз, сарымсақ сияқты көкеністермен сауда нүктелерін тұрақты қамтамасыз ету үшін келісімшарт жасалған.

Ережеге сәйкес әлеуметтік маңызы бар көкөніс өнімдері 2024 жылдың 1 қарашасы мен үстіміздегі жылдың мамырына дейін 10 супермаркет, тұрақтандыру қорының 9 сауда нүктесі мен 40-тан астам ұсақ дүкендерге келісі 115 теңгеден босатылуда.Күн сайын қаланың барлық сауда нүктелеріне 12-15 тоннаға дейін көкөніс жеткізіледі. Қоймада қажетті қор жеткілікті.

Қазір қалада картоп бағасы 250-300 теңгенің арасында сатылуда. Облыс әкімінің орынбасары жауапты тұлғаларға қоймадан көкөністің үздіксіз жеткізіліп, бағаның қымбаттауына жол бермеу керектігіне байланысты тапсырма берді.


 

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив