Cемей12°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
510.78 576.06 6.35

Қиын жағдайда қолдау көрсету

6-04-2024, 13:30 018.kz

Жұмашбекова Жұлдыз Шегенқызы- «Абай облысы Семей қаласының қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталық» КММ-сінде медбике болып еңбек етеді.

Ол 1967 жылы 1-сәуірде Семей облысы Аягөз ауданы Таскескен ауылында дүниеге келген.

Алғаш еңбек жолын 1984 жылы Таскескен ауылдық ветеринарлық лаборторияда жұмысшы болып бастап, 1986 жылы  Семей медициналық училищесіне түсіп, 1988 жылы аталған оқу орның бітірген. Медицинада еңбек жолын 1988 жылы шілде айынан бастап Семей қалалық N 1 емханада медбике болып еңбек етті. 1990 жылы Семей қалалық онкологиялық емханасына ауысты. 1992 жылдан Абыралы ауылдық емханасында медбике болып, 2002 жылдан акушер болып жұмыс жасады. 2006-2016 жылға дейін Абыралы ауылындағы орта мектепте медбике болып қызмет етті. 2016 жылдан бастап осы жылға дейін  Семей қаласының «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталықта»  қызмет етеді. Өз ісіне адал, еңбекқор, білікті маман. Ұжымда ұйымдастырылған мерекелік және басқа да  іс-шараларға белсене қатысады. Орталықта әлеуметтік тұрмыстық қиын жағдаймен келген адамдар, жазасын өтеп келгендер, мүмкіндігі шектеулі адамдар тұрады. Сол адамдарға психологиялық жағынан  да қолдау көрсетіп, медициналық  көмегін көрсетіп, жақсы тіл табысады. Өзінің  іс тәжірбиесімен жаңадан келген мамандармен бөліседі, оларға әрқашан қол үшін беруге дайын тұрады.

Үш баланы тәрбиелеп өсірген аяулы ана  және төрт немеренің асыл апасы.

Жұлдыз Шегенқызы еңбек еткен жылдарында басшылық тарапынан бірнеше рет мақтау қағаздармен және алғыс хаттарымен марапатталды.

1991 жылы Семей қаласы Онкологиялық диспансер бөлім басшысынан «Алғыс хат», 2002 жылы Абралы аудандық емханасының бас дәрігерінен «Алғыс хат», 2004 жылы Абралы аудандық емхана басшысынан «Мадақтама», 2006 жылы Абралы мектеп директорынан «Мадақтама», 2021 жылы «ШҚО Семей қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» ММ басшысынан «Мадақтама» алып, адал қызмет көрсетіп жүрген еңбек адамы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив