«Прииртышье» өлкетану қоғамы мерейтойын атап өтті
Абай атындағы кітапханада «Прииртышье» өлкетану қоғамының 20 жылдығына арналған шара өтті. Өлкетану қоғамы осы жылдар аралығында туған өлкенің тарихын зерттеп, оны насихаттау датын байең бекетіп жүрген жиырмадан астам өлкетану шының басын біріктірді.
Шараға облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев қатысып, өлкетанушыларды атаулы датамен құттықтады. Естелік сыйлық табыс етті. Шара аясында ұйымдастырылған көрме қатысушыларға соңғы 20 жылда табылған жәдігерлер және зерттеу жұмыстары мен танысуға мүмкіндік берді.
Өлкетану - бұл тарихты ғана емес, сонымен қатар археология, ботаника, зоология, климаттық зерттеулерді, мәдени және өндірістік мұраны қамтитын ауқымды қызмет саласы. Қоғам мүшелерінің әрқайсысы Ертіс өңірінің бай тарихын зерттеуге және насихаттауға өз үлесін қосады. Осыдан жиырма жыл бұрын олар Семейдегі өлкетану қозғалысын дамыту үшін бірікті.Қоғам жұмысының негізгі бағыттарының бірі — қаланың көне ғимараттарын сақтау. Өлкетанушылар күш-жігерінің арқасында Семейде бірқатар тарихи ғимараттар сақталып, біріне сәулет ескерткіші мәртебесі берілді.