Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Анкарада Қазақстан мен Түркияның 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойылды

27-01-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайыновтың басшылығымен Қазақстан делегациясы Түркия Республикасына барды.

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының өкілдері кезекті штабтық келіссөздер жүргізіп, оның қорытындысы бойынша 2025 жылға арналған әскери ынтымақтастық жоспары қабылданды.

Қазақстан тарапынан құжатқа Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов, түрік тарапынан бригадалық генерал Чатал Ердоған қол қойды.

Полковник О. Құсайыновтың айтуынша, екіжақты кездесу барысында әскери білім және ғылым, бітімгерлік қызмет, жауынгерлік және медициналық дайындық саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жоспарда жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасу да қарастырылған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив