Cемей-11°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
516.13 538.01 5.29

Әскери қызметшілер майдангер Рахымжан Мамырәлиевті ғасырлық мерейтойымен құттықтады

27-01-2025, 15:30 Думан Кенжеғазыұлы

Жамбыл облысында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Рахымжан Сатыпалдыұлы Мамырәлиев жүз жылдық мерейтойын атап өтті. 

Қарияны ғасырлық мерейтойымен құттықтау үшін Байзақ ауданы Жетібай ауылындағы ардагердің үйіне балалары, немере-шөберелері, ауылдастары, жергілікті атқарушы органдар мен әскери басқару органдарының өкілдері жиналды. 

Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің қызметкерлері майдангерге Қорғаныс министрі генерал-полковник Руслан Жақсылықовтың атынан құттықтау хат жолдады. Хатта еліміздің қорғаныс ведомствосының басшысы Рахымжан Мамырәлиевке майданда көрсеткен жанқиярлығы мен ерлігі үшін алғысын білдірген. Құттықтауда қазіргі Отан қорғаушылар үшін ардагер әскери борышын адал атқарған жанның үлгісі болып табылатыны атап өтілді. 

Байзақ ауданының әкімі Олжас Баққараев облыс басшылығының атынан соғыстан кейінгі жылдардағы жеңіске қосқан үлесі мен адал еңбегі үшін майдангерге алғыс айтты.

Жетібай ауылында майдангердің жүз жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери оркестрі жалғастырды. Рахымжан Сатыпалдыұлы таныс марш әуендері мен композицияларды естіп, әскери музыканттарға қошемет көрсетті. Байзақ ауданында тұратын запастағы әскери қызметшілер мен қызметтегі офицерлер құрамының әскери қызметшілері ардагер мен оның қонақтарының құрметіне салтанатты маршпен сап түзеп жүріп өтті. 

Рахымжан Мамырәлиев он сегіз жасында әскер қатарына шақырылды. 1943 жылы ол Қиыр Шығысқа сапар шегіп, Жапон басқыншыларына қарсы шайқасты. Артиллерия взводының командирі аға сержант Рахымжан Мамырәлиев Приморск, Ворошилов, Маньчжурия және Корей түбегін жапондардан азат етуге қатысты. Майдангер 1951 жылы ғана әскер қатарынан босап, Жамбыл облысына оралды, қазір ол жақындарының жанында.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив