Облыс аумағында 82 рет дауылды ескерту жарияланған
Жыл басынан бері ауа- райының қолайсыздығына байланысты елімізде түрлі жағдайлар орын алған болатын. Ақ түтек боран, қатты аяз және көк тайғақ мұз секілді биылғы қыстың құбылмалы күнінде біздің облыс бойынша да 82 рет дауылды ескерту жарияланып және автожолдарға 53 рет шектеу қойылған . Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Абай облысы Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары, полиция майоры Ержан Ақбаев баяндады.
Сондай-ақ, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Асет Жолдыбеков бүгінгі күнге дейін құтқару бөлімшелерімен 10 авариялық-құтқару жұмыстары жүргізілгендігін атап өтті.
Төтенше жағдайлар департаменті қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында облыс тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды және ауа-райының өзгеруі туралы SMS хабарламаны мұқият қадағалауын ескертеді. Төтенше жағдай туындаған жағдайда «112» немесе «101» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.