Cемей-6°С
Ауа-райы
  • Абай-3°С
  • Аягөз10°С
  • Ақсуат10°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау14°С
  • Курчатов9°С
  • Көкпекті10°С
  • Үржар22°С
518.14 537.57 5.27

Семей қаласында көше жарықтары қалпына келтірілуде

Бүгін, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Семейдегі көше жарығы «Шығыс Қазақстан облысының өңірлік мемлекеттік-жеке меншік әріптестік орталығы» АҚ балансында және жарық кезең-кезеңімен қалпына келтірілуде.

Сот шешімі бойынша «ШҚО МЖӘ» АҚ көше жарығын толық қалпына келтіруге міндеттелді. Жұмыстардың орындалуын бақылау тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен сот органдарына жүктелген.

Жөндеу жұмыстарын «Горсвет LTD» ЖШС жүргізуде. 2024 жылдың желтоқсан айынан бастап 137 жарық шамы ауыстырылып, нәтижесінде Кабанбай батыр көшесі (Қ. Мұхамедханов көшесінен «СемАвтопарк» ЖШС-не дейін), Дулатов көшесі (Қ. Мұхамедханов көшесінен Қаржаубайұлы көшесіне дейін), сондай-ақ Гагарин көшесінің (оң жағалаудағы айналма жолдан Шугаев көшесіне дейін) жарығы толық қалпына келтірілді.

Қазір көше жарығын ауыстыру және қалпына келтіру жұмыстары Сәтбаев, Садовая және Мичурин көшелерінде жүргізілуде.

Айта кетейік, бұған дейін Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов жарық мәселесі туындаған учаскелерді аралап, тұрғындардың пікірін тыңдаған болатын. Көше жарығын толық қалпына келтіру белгіленген мерзімде аяқталып, бұл қала тұрғындарының қауіпсіздігі мен жайлылығын арттыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив