Cемей-15°С
Ауа-райы
  • Абай-5°С
  • Аягөз-11°С
  • Ақсуат-12°С
  • Бородулиха-7°С
  • Қалбатау-10°С
  • Курчатов-9°С
  • Көкпекті-14°С
  • Үржар-6°С
502.47 525.83 5.68

Семейде әскери оркестр автобуста концерт ұйымдастырды

Кеше, 16:10 018.kz

Семейде  Ұлттық ұланының 5511 әскери бөлімінің  әскери оркестрі «Жеңіске 100 күн қалғанда»  акциясы аясында қоғамдық көліктерде концерт ұйымдастырды. 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылыққа қарасты әскери бөлімнің қызметшілері қоғамдық көлікке кіре сала халықтың сүйікті соғыс әндерін, соның ішінде «Смуглянка» мен «Катюша» әндерін орындай бастады. Бұл бейқам отырған жолаушылар үшін күтпеген көңілді шара болды. Бірі әскери өнерпаздармен қосылып ән салса, енді бірі видеоға түсіріп мәз-мейрам болды. 

Қоғамдық көлікке мінген Семей қаласының тұрғындары шырқалған әсем әуендерге қошемет танытып, тіпті сүйікті әнін тыңдау үшін кейбіреулері  діттеген аялдамаларын өткізіп те жіберді. Ал радиодан ән тыңдап жалыққан автобус жүргізушісі жанды дауыста ән шырқаған өнерпаздарға жеке  алғысын білдірді.

- Акцияның негізгі мақсаты –  Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерді ұлықтау болып табылады. Олардың өлшеусіз ерлігін мәңгі есте сақтау және болашақ ұрпаққа насихаттау болып табылады. Аталмыш акция аясында «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жүйелі жоспарлар құрып, ғибратқа толы ілкімді істердің жүзеге асуына мұрындық болмақ, - дейді 5511 әскери бөлімі командирінің орынбасары майор Рүстем Габдулин.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив