Азаматтардың өтініші назардан тыс қалмайды

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштер мен ұсыныстарды тыңдады. Қабылдау барысында жол жөндеу, баспана кезегі, электр желілері, қоғамдық көлік, денсаулық сақтау саласындағы түйткілдер және өзге де маңызды мәселелер көтерілді.
Кездесуге барлық тиісті бөлімдер мен коммуналдық қызметтердің басшылары қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Жалпы 20-ға жуық азамат өз өтінішін жеткізді, әрқайсысының мәселесі мұқият қарастырылды.
«Әр тұрғынның өтініші маңызды. Азаматтардың мәселелері назардан тыс қалмайды, оларды шешу жолдары жан-жақты қарастырылады. Қала тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту – біздің басты міндетіміз», – деп атап өтті қала әкімі Талғат Мұратов.
Кездесу нәтижесінде әкім тиісті бөлім басшыларына көтерілген мәселелерді шешу бойынша нақты тапсырмалар берді.
Қала әкімінің жеке қабылдауына жазылу үшін Семей қаласы әкімдігінің ғимаратына келіп (Мәңгілік Ел көшесі, 4-үй), 109-кабинетке жазбаша өтініш қалдыру қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін: 52-35-08