Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
485.4 550.69 6.41

Абай облысының әкімі Берік Уәли Жидебайға барды

22-02-2025, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Ол «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешенінде болып, бабалар рухына құран бағыштап, тағзым етті. 

Абай ауданынан шыққан белгілі ақын Төлеген Жанғалиев аймақ басшысының жұмысына сәттілік тілеп, ақ батасын берді.

«Он аудан, екі қаланың есебін тыңдап болғаннан кейін жоспарымды жариялаймын. Не жасаймын, не істеймін, ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді жоспарыммен өздеріңізге бөлісетін боламын. Бұйыртса өздеріңіздің ағалық ақылдарыңызбен бірлесе жұмыс жасайтын боламыз», - деді Берік Уәли.

Сондай-ақ, өңір басшысы Абайдың музей үйіне барып, ондағы құнды жәдігерлермен танысты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив