Биыл Абайдың 180 жылдығы Президент айтқандай лайықты деңгейде өтеді
Бұл туралы Абай облысының әкімі Берік Уәли Абай ауданына жасаған сапары барысында мәлімдеді.
Аймақ басшысы Қарауыл төбеде болып, Абай ауданының әкімі Мейіржан Смағұлов пен Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Айбек Саматтың баяндамасын тыңдады.
Мерейтой аясында Абай ауданында жаңа жобалар іске асырылып, туристік қызметтерді жақсарту жұмыстары жүргізіледі. Қарауыл ауылындағы тарихи-мәдени нысандарды абаттандыру, жолдарды жөндеу және туристік инфрақұрылымды дамыту сияқты жұмыстар қолға алынбақ.
Сондай-ақ, облыс әкімі Абай саябағы, «Ауылына қарап – азаматын таны» жобасы аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік нысанның құрылысымен және аудандық мәдениет үйінің жұмысымен танысты.