Cемей19°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Су тасқынын алдын алу мақсатында техникалардың дайындығы тексерілді

24-02-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласында су тасқынын алдын алу және салдарын жою үшін арнайы техниканың дайындығы тексерілді.

Шараға Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, Төтенше жағдайлар департаменті, жедел-құтқару жасағының және коммуналдық қызметтердің өкілдері қатысты.

«Су тасқынына қарсы барлық қажетті шаралар қабылдануда. Басты мақсат – тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи апаттың алдын алу. Барлық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуі керек», – деді қала әкімі Талғат Мұратов.

Жалпы, қала бойынша 96 маман мен 48 техника бірлігі дайындықтан өтті. Сондай-ақ жолдарды қардан тазарту және су тасқынына қарсы шараларды жүргізу үшін қажетті құрал-жабдықтар әзірленді. Қолайсыз ауа райы жағдайларына жедел әрекет ету мақсатында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.

Қалың қар жауған жағдайда мердігер ұйымдар қарды жаппай шығару үшін қосымша техника жұмылдырады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив