Cемей23°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
521.57 601.01 6.65

Қарулы күштердің әскери мүлкін пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық бекітіледі

25-02-2025, 12:17 Думан Кенжеғазыұлы

Қорғаныс министрлігі «Қарулы Күштердің әскери мүлкін (Әскери-теңіз күштерінің суүсті кораблінің электр жабдықтарын) пайдалануды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысы бұйрығының жобасын дайындады.  

Нормативтік құқықтық акт ҚР Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 35 қаулысымен бекітілген ҚР Қорғаныс министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 144) тармақшасына сәйкес әзірленді.

Бұйрық жобасы қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, оны іс-әрекетке әркез дайын ұстауды, техникалық қызмет көрсетуді және консервациялауды қамтитын Әскери-теңіз күштерінің жерүсті корабльдерінің электр жабдықтарын пайдалануды ұйымдастыруды егжей-тегжейлі көрсетеді. 

Қорғаныс министрі бұйрығы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 12 наурызына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15459916 сілтеме бойынша танысуға болады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив