Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай25°С
  • Аягөз23°С
  • Ақсуат22°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау22°С
  • Курчатов17°С
  • Көкпекті22°С
  • Үржар26°С
447.73 502.98 5.35

Семейде Масленица мерекесі өтті

3-03-2025, 13:10 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Семей қаласының Ертіс жағалауында Масленица мерекесі тойланды. Масленица – тек қана молшылықтың емес, сондай-ақ кешірім мен татулықтың мерекесі.

Мерекелік алаңда тәттілер, нан-тоқаш өнімдері мен қолөнер бұйымдары сатылған жәрмеңке ұйымдастырылды. Қонақтар ұлттық тағамдардан дәм татып, жергілікті шеберлердің қолынан шыққан кәдесыйлар мен әсем бұйымдарды тамашалады. Сонымен қатар, түрлі фотозоналар қойылып, келушілер ерекше сәттерді естелікке түсірді.

Ертіс жағалауында ән-күй әуелеп, думанды мереке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Көктемнің жарқын бастауы болған бұл күн қала тұрғындары мен қонақтары үшін ұмытылмас әсер қалдырды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив