Cемей2°С
Ауа-райы
  • Абай2°С
  • Аягөз-5°С
  • Ақсуат-3°С
  • Бородулиха-5°С
  • Қалбатау-4°С
  • Курчатов7°С
  • Көкпекті-3°С
  • Үржар4°С
538.11 623.51 6.61

Әскерилердің балалары оқу-сауықтыру орталығына аттанды

4-03-2025, 19:30 018.kz

Абай гарнизоны әскери қызметшілерінің балалары Балхаш қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына аттанды. Бұл жолы әскерилердің 20-ға жуық баласы сауықтыру лагерінде тынығатын болады. 

Балаларды теміржол бекетінен «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерилері қолбасшысының әскери қызметкерлердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің жетекшісі Ақмарал Ахметжанова мен ата-аналар шығарып салды. 

Балаларға демалуға  мүмкіндік беріліп отырғанына алғысын білдірген Балым Қуанышқызы  лагерге алғаш рет барып отырғанын айтады.  Қаладағы №9 мектептің оқушысы Балым орталықта бос уақытын тиімді өткізетініне сенімді.

- «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында әскери қызметшілердің балаларына сауықтыру және патриоттық тәрбие беру мақсатында ауқымды іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл жолы 5-9 сынып оқушылары кетсе, алдағы сәуір айында әскери қызметшілердің 9-10 сынып оқушылары Қонаев қаласында тынығып қайтатын болады. Одан кейін тағыда Балқаш қаласындағы орталыққа балаларымызды жіберетін боламыз, -  дейді Ақмарал Ахметжанова.

Әскери қызметшілердің балалары Балқаш қаласындағы оқу-сауықтыру орталығында мектеп бағдарламасы бойынша білім алады. Сонымен қатар жасөспірімдерге сауықтыру және патриоттық тәрбие беру мақсатындағы шаралар өткізіледі. Айта кетейік, балалардың жазғы демеласы еліміздің Қорғаныс және Білім министрліктерінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспары аясында жүзеге асырылуда

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив