Әскери қызметшілердің балалары Қонаев қаласындағы «Балдәурен» орталығына барды
Ата-аналары Абай гарнизонында қызмет өткеретін балалардың бірінші тобы әскери ұшақпен Семей қаласынан Қонаев қаласындағы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығына келді.
Семей қаласындағы № 40 орта мектептің 9 сынып оқушысы Ұлан Архатұлы жолдамамен демалу мүмкіндігіне ие болғанына қуанды.
Әскери қызметшілердің отбасы мүшелерімен жұмысты ұйымдастыру қызметінің басшысы Ақмарал Ахметжанова «Балдәурен» республикалық орталығында осы лекпен әскери қызметшілердің 32 баласы демалатынын мәлімдеді. Оқу сабақтарынан бөлек оқушылар өз денсаулығын нығайтып, көптеген жаңа әсерлер ала алады.
Бұл Абай гарнизонындағы әскери қызметшілер балаларының алғашқы легі. Алдағы айларда Қонаев қаласына екі кезеңге демалуға оқушылардың тағы екі тобы жіберіледі.
Балаларға арналған демалыс еліміздің Қорғаныс және Оқу-ағарту министрліктерінің жастарға әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру жөніндегі бірлескен жоспары негізінде ұйымдастырылады. Биылғы жылы «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы мен оның филиалдарында әскери қызметшілердің мыңнана аса баласы демалады.