Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Аймақ басшысы Шүлбі кентіндегі жылу қазандығын көрді

5-03-2025, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына сапары барысында Шүлбі кентіндегі «РК-2» жылу қазандығының жұмысымен танысты.

Шүлбі кентінде 3 мыңға жуық халық тұрады. Екі жылу қазандығы жұмыс істейді. «РК-2» қазандығы 1983 жылы салынған. 17 көп қабатты үй, 4 әлеуметтік нысан мен 24 коммерциялық ұйымды жылумен қамтамасыз етеді.

Облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметінше, «РК-2» жылу қазандығы күрделі жөндеуді қажет етеді. Басқарма басшысы облыс әкіміне қазандықтың қуатын ұлғайту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, ағымдағы жөндеу жүргізу үшін бюджеттік өтінім берілгенін айтып, қолдау білдіруді сұрады.

«Қазіргі таңда облыстық бюджетті қайта қарап жатырмыз. Шүлбі кентіндегі қазандықтарды жаңғыртуға қаржы бөлу мәселесін қарастырамыз. Өйткені, бұл қазандықтың әлеуеті жоғары. Кенттегі салынып жатқан, болашақта салынатын үйлерді жылумен қамтуға мүмкіндік береді. Қазандықтың қуаттылығын толық пайдалануымыз керек»,- деді облыс әкімі.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив