Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.18 628.93 6.68

Семейде әскери оркестр нәзік жандыларды құттықтады

6-03-2025, 09:00 018.kz

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу алдында Абай гарнизонының әскери қызметшілері Семей қаласы бойынша Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери оркестрімен бірігіп, қаланың ірі сауда ойын-сауық орталықтарына барды. 

Әскери оркестрдің әскери қызметшілері адамзаттың әдемі жартысына арналған заманауи туындыларын ойнап, музыкалық аспаптардан шыққан әуендер мерекелік атмосфера мен көңіл-күйді жаудрата түсті. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің офицерлері сүйкімді ханымдарға қызғалдақ сыйлап, келе жатқан мерекемен құттықтады.

- Әскери оркестрдің қатысуымен осындай күтпеген құттықтаулар алу өте қуанышты. Жанды музыка, жанды эмоциялар және ең бастысы Семей қаласының сүйкімді ханымдарын шын жүректен құттықтау. Барлық әскери қызметшілерге алғысымызды білдіреміз, - деді «Апрель» сауда ойын-сауық орталығына келуші Ирина Жукова.

Барлық келушілер қуанып, шығармаларды смартфондарға түсірді, тіпті дыбыстық музыкаға билегендер де болды.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив