Ескі көпірдің жағдайына алаңдауға еш негіз жоқ – жауапты басқарма

Семейдегі апатты жағдайдағы көпірдің жағдайы туралы мамандар пікір білдірді.
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде дрон арқылы түсірілген автожүкті көпірдің суреті кең таралып, қала тұрғындарының алаңдаушылығын тудырды. Көпір қосылыстарының арасындағы үлкен саңылау оның беріктігіне күмән туғызды.
Абай облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бұл жағдайға түсініктеме беріп, алаңдауға негіз жоқ екенін мәлімдеді. Ведомствоның хабарлауынша, фотосуретте көпірдің аспалы бөлігі мен қатты рама-консольдік құрылымының түйісу нүктесі бейнеленген.
Айта кетейік, 2024 жылы «ТОО TestConstruction» ұйымы автожүкті көпірдің беріктігі мен орнықтылығын техникалық тексеруден өткізді. Бұл зерттеу көліктік нысанның жобалық жүктемелерге сәйкестігін анықтау және оның қауіпсіз әрі үздіксіз пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында жүргізілген болатын.
Сараптама қорытындысына сәйкес, Семей қаласының әкімдігі мен жол полициясы басқармасы көпірге түсетін жүктемені азайту бойынша арнайы шаралар қабылдады. Атап айтқанда, сол жақ жағалаудан келетін көлік қозғалысына шектеу қойылып, көпірге рұқсат етілген ең жоғары салмақ 2 тоннадан аспайтын болып белгіленді.