Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы тағайындалды

18-03-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Қасымов Азамат Әбілұлы 1985 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Журналистика» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласындағы «Алматы ақшамы» газетінде тілші болып бастаған.

2009-2017 жылдары – «Шығыс Ақпарат» ҚМК қарасты Шығыс Қазақстан облыстық «Дидар» газетінде тілші, шолушы, руханият бөлімінің меңгерушісі, бас редактордың орынбасары.

2017-2020 жылдары - республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2020-2021 жылдары - «Қазақстан» РТРК» АҚ Шығыс Қазақстан облысы филиалының қазақ редакциясының шеф-редакторы.

2021-2022 жылдары - республикалық «Айқын» газетінің Шығыс Қазақстан облысындағы меншікті тілшісі.

2022-2024 жылдары  - «Хабар агенттігі» АҚ Шығыс Қазақстан және Абай облыстарындағы меншікті тілшісі.

2024-2025 жылдары - Абай облысы әкімінің кеңесшісі.

2025 жылдың 27 ақпанынан бастап Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив