Семейлік оқушылар жасанды интеллект олимпиадасында жеңімпаз атанды
Елордадағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде 10–12-сынып оқушылары арасында алғаш рет жасанды интеллект бойынша желілік олимпиада өтті. Білім бәйгесі дәстүрлі «Наурыз кездесулері» аясында ұйымдастырылды.
Бұл олимпиада жас ұрпақтың жасанды интеллект саласындағы білімдері мен дағдыларын арттыруға бағытталған маңызды қадам болды.
Олимпиадаға қатысқан 150-ден астам NIS оқушысының арасынан Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары Әлемжан Ахметжанов пен Әкежан Асқар үздік нәтиже көрсетіп, жүлделі I орынға ие болды. Болашақ IT мамандары екі күн бойы күрделі тапсырмаларды орындап, өздерінің жасанды интеллект саласындағы білімдерін шыңдап, тәжірибе алмасты.
NIS Басқарма Төрағасы Әнуар Жанғозин бұл шараның оқушылардың болашағы үшін маңыздылығына тоқталып, оның білім мен технология саласындағы жаңа мүмкіндіктерді ашатынын ерекше атап өтті:
Бұдан бөлек, Қазақстан-Британ техникалық университеті Әлемжан Ахметжановқа білім беру грантын табыстады. Ал Әкежан Асқар тапсырмаларды ең жылдам орындағаны үшін арнайы номинациямен марапатталып, AI-Academy жасанды интеллект бойынша курстарға тегін оқу мүмкіндігін алды.
Бұл олимпиада жас ұрпақтың болашақтағы жетістіктері үшін үлкен мүмкіндік болып табылады. Жасанды интеллект саласында білім алып, осы бағытта білімдерін тереңдеткен оқушылар еліміздің ғылыми және технологиялық дамуына өз үлестерін қосатынына сеніміміз мол.