Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Семей әкімдігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссия отырысы өтті

27-03-2025, 12:00 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінде мемлекеттік-құқықтық бөлімнің ұйымдастыруымен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті. Жиынға қала әкімі Талғат Мұратов және комиссия қатысты.

Отырыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствоаралық комиссияның хаттамалық шешімі негізінде берілген ұсынымдардың орындалу барысы, сондай-ақ экономика және қаржы, білім беру, кәсіпкерлік салаларындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижелері қаралды.

Бүгінде Семей қаласының қаржы бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша кешенді шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік сатып алулардың ашықтығы қамтамасыз етіліп, коммуналдық мүлік басқару саласында оң өзгерістер байқалуда. Сонымен қатар, бюджет қаражатының мақсатты әрі тиімді жұмсалуына ерекше назар аударылып, бақылау күшейтілді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның міндеті. Біз ашықтық пен жауапкершілік қағидаттарын нығайту арқылы адал және тиімді басқару жүйесін қалыптастыруға тиіспіз. Бұл бағыттағы жұмыстарды күшейтіп, тұрғындар үшін әділ және қолайлы жағдай жасау – біздің басты міндетіміз», - деді Талғат Мұратов.

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілерін қорғау, әкімшілік кедергілерді жою, сондай-ақ кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын заңнаманы жетілдіру мақсатында Семей қаласының кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі Сараптамалық кеңесі құрылды. Ал Семей қаласының білім бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша бюджеттік қаржы қаражатын игеру мен бөлуде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Жиын барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оның деңгейін төмендету бойынша нақты ұсыныстар талқыланып, алдағы жоспарлар белгіленді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив