Cемей21°С
Ауа-райы
  • Абай22°С
  • Аягөз21°С
  • Ақсуат20°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау19°С
  • Курчатов23°С
  • Көкпекті20°С
  • Үржар21°С
472.03 540.29 6.11

Мәслихат аппаратының басшысы тағайындалды

27-03-2025, 10:54 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облыстық мәслихаты төрағасының өкімімен Шалқар Асаубаев облыстық мәслихат аппаратының басшысы болып тағайындалды.

Шалқар Советханұлы 1992 жылы Жарма ауданы, Георгиевка ауылында дүниеге келген. Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдап, «Экономика» мамандығы бойынша магистр дәрежесін алған.

Еңбек жолын Жарма ауданының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде экономист болып бастады. 

2014-2019 жылдар аралығында  Жарма ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің бас маманы, Жарма ауданы әкімінің көмекшісі;

2019–2021 жылдар аралығында Шар қаласы әкімінің орынбасары;

2022-2024 жылдарда Абай облысы әкімі аппаратының ұйымдастыру және бақылау-инспекциялық жұмыстар бөлімінің бас инспекторы;

2024 жылдың шілде айынан бастап Абай облысы әкімі аппаратының хатшылық бөлімінің бас инспекторы лауазымында қызмет етті.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив