Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
503.15 543.3 5.93

Абай облысы құрылғаннан бері 3424 жас тұрғын үймен қамтылған

31-03-2025, 10:27 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық жиналыста облыста жастар саясатын жүзеге асыру мәселесі қаралып, ішкі саясат басқармасының басшысы Айдар Садырбаев баяндама жасады.

Жалпы, өңірдегі жастар саны 152 мыңды құраса, олардың 62,8%-ы қалада, 37,2%-ы ауылдық жерлерде тұрады.

Жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі – 2,7%, NEET санатындағы жастардың деңгейі 4,3%-ға дейін төмендеді.

Облыста 3 ЖОО мен 33 колледж жұмыс істейді. Студенттерге 5000-нан астам орындық 30 жатақхана қарастырылған. Әкім гранты аясында 2022 жылдан бері 583 студент білім алуда.

Жастарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бүгінде 8590 жас баспана кезегінде тұр. Облыс құрылғаннан бері 3424 жас тұрғын үймен қамтылды.

Жастар саясаты саласында бірқатар шешімін күткен мәселелер бар. Ол Жастар ресурстық орталығындағы кадрлардың жетіспеушілігі және жиі ауысуы. Басты себеп - еңбекақының төмендігі.

Осы ретте, облыс әкімі экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, ішкі саясат басқармасы мен қалалар мен аудан әкімдіктеріне Жастар ресурстық орталықтары қызметкерлерінің жалақысын арттыру бойынша тиісті есептеулер жүргізіп, ұсыныс енгізуді тапсырды.

Сонымен қатар, аймақ басшысы жиында жас мамандардың тапшылығы мәселесіне ерекше назар аударды. Облыс басшысы қала және аудан әкімдеріне оқу орындармен тығыз қарым-қатынас орнатып, жас мамандарды жұмысқа тартып, тиісті қолдау көрсету керектігін айтты.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив