2025 жылы қала аумағында 5 инвестициялық жоба іске асырылмақ
Семей қаласы мәслихатының кезекті 42-ші сессиясы өтті. Сессияға Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов, депутаттар мен бөлім басшылары қатысты.
Шаһар басшысы депутаттар алдында өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларының орындалуы жөнінде есеп беріп, 2024 жылы атқарылған жұмыстар мен осы жылға жоспарларды баяндады. Бүгінде жоспарланған әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің орындалғанын атап өтті.
«2024 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіп өндірісінің өсімі негізінен өңдеу өнеркәсібінің үлесінің артуымен байланысты болды. Бұл салада өндірілген өнімнің жалпы көлемі 89,6%-ды құрады. Өңдеу өнеркәсібі саласында 2024 жылы 4 ірі жоба іске асырылып, 180-нен астам жаңа жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы Семей қаласын дамытуға арналған Кешенді жоспар аясында 2 жоба жүзеге асырылып, 127 жаңа жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Сонымен қатар 2025 жылы қала аумағында 5 инвестициялық жоба іске асырылып, 800-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылмақ», - деді қала әкімі.
Сонымен қатар 2024 жылы қала инфрақұрылымын жақсарту және абаттандыру бағытында 50 аула аумағы абаттандырылса, 2025 жылы 22 ауланы абаттандыру жоспарланған.
«2024 жылы әлеуметтік жағынан осал топтарға және көпбалалы отбасыларға барлығы 407 пәтер берілді. Сонымен қатар, «Абай жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында 22 жас азамат баспаналы болды. Тұрғын үй құрылысы бағытында 2024 жылы Қарағайлы шағын ауданында 16 тұрғын үй пайдалануға беріліп, 1008 пәтер иелеріне табысталды. Ал 2025 жылы осы ауданда 18 тұрғын үй салу жоспарлануда», - деп атап өтті Талғат Мұратов.
2025 жылға белгіленген жобалар қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі нығайтып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға септігін тигізбек.
Тағыда оқыңыз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына ЖолдауыҚасым-Жомарт Тоқаев: «Мақсатым – экономиканы және егемендікті нығайту»Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың төртінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында сөйлеген сөзіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауы