Cемей22°С
Ауа-райы
  • Абай24°С
  • Аягөз16°С
  • Ақсуат18°С
  • Бородулиха22°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов29°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар18°С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Нұрбек Бекенов облыстық «SEMEI» телеарнасының басшысы болып тағайындалды

2-04-2025, 17:04 Думан Кенжеғазыұлы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай облыстық филиалының директоры қызметіне Нұрбек Мұхаметқалиұлы Бекенов тағайындалды.

Нұрбек Бекенов – тәжірибелі тележурналист, медиаменеджер, сондай-ақ мемлекеттік қызмет саласында да мол тәжірибеге ие маман. Ол ҚР Президенті Баспасөз қызметінде және Ұлттық экономика министрлігінде кеңесші болып еңбек еткен.

Бұған дейін «Қазақстан» РТРК мен 24KZ телеарнасының Қытайдағы, сондай-ақ «Хабар» агенттігінің АҚШ-тағы меншікті тілшісі қызметтерін атқарған.

Сонымен қатар, Жамбыл облысында «Aulieata-Media» холдингі ЖШС-нің Бас директоры, Шығыс Қазақстан облысында «Шығыс-Ақпарат» медиа холдингі ЖШС-нің Басқарма төрағасы лауазымдарында жұмыс істеген.

Ол – XI халықаралық «Шабыт» фестивалінің (2008) Бас жүлдегері, Президент Кубогының иегері. Сондай-ақ, ҚР Президентінің Алғыс хаттарымен марапатталған.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив