Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай18°С
  • Аягөз19°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха20°С
  • Қалбатау20°С
  • Курчатов18°С
  • Көкпекті17°С
  • Үржар21°С
540.84 634.46 6.43

Олжас Бектенов РФ Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді

4-04-2025, 14:22 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Ресей Федерациясы Үкіметі төрағасының орынбасары – Үкімет Аппаратының басшысы Дмитрий Григоренкомен кездесу өткізді. Цифрландыру және жасанды интеллект, инвестициялар, инновациялық даму саласындағы бірқатар мәселелер талқыланды.

Мемлекет басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру барысына назар аударылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің тұрақты байланыстарының нәтижесінде екіжақты өзара іс-қимыл деңгейі жоғары қарқынмен жалғасуда. 2024 жылдың қорытындысы бойынша өзара тауар айналымының көлемі шамамен 3%-ға өсіп, $27,8 млрд-ты құрады. Бұл ретте әрі қарай сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық үшін айтарлықтай әлеует бар.

Кездесуге қатысушылар жасанды интеллектіні қолданушылардың қарқынды өсіп келе жатқанын айтып, цифрландыру саласындағы екіжақты әріптестік қатынастардың маңыздылығын атап өтті. Жаңа технологияларды енгізу үдерістерінде күш-жігерді біріктіру инновацияларды дамытуға, IT-кәсіпкерлер мен стартап-жобаларды қолдау шараларын қалыптастыруға, білікті мамандарды даярлауға, ақпараттық қауіпсіздік шараларын жетілдіруге серпін береді. Биыл Астанада Alem. ai халықаралық жасанды интеллект орталығының ашылуымен IT-мамандарға жаңа мүмкіндіктер пайда болады.

Жұмыс сапары аясында Дмитрий Григоренко Қазақстанның жетекші IT-алаңдарының, соның ішінде Astana Hub технопаркі және NU технопаркінің қызметімен танысады, онда бүгінде 1600-ден астам IT-компаниялар тіркелген, олардың 425-іне шетелдіктер қатысуда.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив