«Таза Қазақстан»: Семей қаласында жалпықалалық сенбілік өтті

Облыс әкімі Берік Уәлидің бастамасымен Семей қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қала тазалығына арналған бұл игі шараға облыс әкімі Берік Уәли, қала әкімі Талғат Мұратов, мемлекеттік қызметшілер, ірі, орта және шағын бизнес өкілдері, еріктілер мен қала тұрғындары белсене атсалысты.
Сенбілік тек қаланың орталық көшелерін ғана емес, сонымен қатар шеткері аумақтарды да қамтыды.
Қатысушылар аумақтарды күл-қоқыстан тазартып, жасыл аймақтарды ретке келтірді. Бұл бастама тұрғындардың табиғатқа деген жанашырлығын көрсетіп қана қоймай, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға да ықпал етті.
Барша тұрғындарды қаламыздың көркеюіне, тазалығына үлес қосуға шақырамыз. Бірге таза қала үшін әрекет етейік!