Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «ақшаны бояу» жобасын жүзеге асыруда

Ағымдағы жылдың 3 сәуірінде Премьер-Министр О.А. Бектеновтың төрағалығымен бюджет қаражатының жұмсалуын бақылау мақсатында цифрлық теңгені пайдалану жөніндегі пилоттық жобаларды іске асыруға арналған мәжілісі өтті.
Мәжіліс аясында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Асхат Жұмағали «ақшаны бояу» тетігін енгізудің негізгі нәтижелері мен перспективаларытуралы баяндама жасады.
Талдау көрсеткендей, білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, әлеуметтік қамсыздандыру және құрылыс салалары сыбайлас жемқорлыққа көбірек ұшырайды.
Негізгі тәуекелдер «өлі жандар», жалған жұмыстар және ойдан шығарылған мәмілелер арқылыбюджет қаражатын жымқырумен байланысты.
Осы тәуекелдерді жою үшін 2024 жылғы ақпаннан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Агенттік Ұлттық банкпен және Үкіметпен бірлесіп, цифрлық теңгені пайдалана отырып «ақшаны бояу» жобасын іске асыруға кірісті.
Жүргізілген талдау негізінде жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім автомобиль және теміржол құрылысы, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасы мен жануарларын сатып алу сыңды негізгі салалар анықталды.
Ұлттық банк жанынан ашықтықты қамтамасыз ету үшін Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауылшаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорымен интеграцияланған цифрлық платформа құрылды.
Ақмола облысында «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуға микрокредиттер беру және техника шығындарын субсидиялау бойынша жобалар сынақтан өткізілді.
Ағымдағы жылы жобалар теміржол және автомобиль жолдарын салу саласында жалғасуда.
Мәселен, Қарағанды облысында «Достық – Мойынты» темір жолының құрылысы аясында 164 млрд «боялған» теңге, Атырау облысында «Мұқыр – Құлсары» автожолын жөндеуге 100 млнцифрлық теңге аударылды.
Кеңес барысында Асхат Жұмағали «ақшаны бояу» тетігі келесі мүмкіндіктерді беретінін атап өтті:
🔹 бюджет қаражатын нақты мақсаттарға бекіте отырып, оларды белгілеу;
🔹 ақша жалған мәмілелерді және ақшаны үшінші тұлғаларға қолма қол ақшаға айналдыру немесе аудару мүмкіндігін жою;
🔹 бюджетті бөлуден бастап соңғы мердігер алушыға дейін (нақты уақыт режимінде ақшаның қайда және қалай жұмсалатынын көру) қаражат қозғалысының бүкіл циклін қадағалау;
🔹 бірегей кодтың арқасында транзакциялардың бүкіл тарихын және төлемдердің мақсатын қарау.
«Цифрлық теңгеге келетін болсақ, талқылаудың негізгі тақырыбы ретінде Мен сіздің барлық бастамаларыңызды қолдаймын. Цифрлық теңгені енгізу жаңашылдықтарды ескере отырып, қаржыландыру процестерін реинжинирингке көмектесетініне міндетті назар аудару қажет.
Цифрлық теңгені пилоттауды кеңейту қажет», - деп Премьер-Министр Олжас Бектенов атап өтті.
Жоспарлаудан бастап объектілерді пайдалануға қабылдаумен аяқталатын барлық бюджеттікпроцестерді толық автоматтандыруды қамтамасыз ету маңызды.
Алдағы уақытта тетікті экономиканың басқа салаларына кеңейту жоспарлануда, бұл бюджет процесінің барлық кезеңдерінде жемқорлық тәуекелдерін тиімді бақылауды және барынша азайтуды қамтамасыз етеді.
Бұл тетікті толыққанды іске асыру үшін ақпараттық жүйелердің кешенді интеграциясын қамтамасыз ету қажет. Бұл жобаларға қатысушылардың өзара іс-қимылының барлық циклін цифрландыруға, бюджет қаражатын басқарудың бірыңғай ашық контурын құруға және жоспарлаудан бастап түпкілікті игеруге дейінгі барлық кезеңдерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Мәжіліс қорытындысы бойынша мемлекеттік органдар жаңа цифрлық құралдарды қолдануды, сондай-ақ электрондық ақшаны бағдарламалау әдіснамасын әзірлеуді реттейтін заңнамаға түзетулерді пысықтайтын болады.