Семейде Жеңістің 80 жылдығына арналған әндер фестивалі өтті
«Отты жылдар әндері» фестивалі Жеңіс күнін жақындатқан жауынгерлер мен тыл еңбеккерлерінің ерлігін еске алу мақсатында Қалалық мәдениет сарайында өтті.
Соғыс әндері – Ұлы Отан соғысының қайғылы да қаһарлы кезеңін бейнелейтін музыкалық жылнама, сол уақыттағы оқиғаларды бүгінгі ұрпаққа жеткізудің әсерлі жолы.
Біздің қаламыз да бұл тарихи кезеңнен тыс қалған жоқ – мұнда екі атқыштар дивизиясы жасақталып, майдан үшін жұмыс істеген ірі өндіріс орындары эвакуацияланып орналастырылды, эвакогоспитальдар жұмыс істеді. «Барлығы майдан үшін, барлығы Жеңіс үшін» деген ұранды сол кездегі семейліктер жүрекпен қабылдады.
Сол оқиғалардың мән-маңызын ұмытпау қажеттігін Семей қаласы әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев атап өтті.
Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты – жастар арасында патриоттық тәрбие беру, тарихи жадымызды сақтау және елінің бейбіт болашағы үшін күрескен халықтың қаһармандығын дәріптеу.
Фестиваль 1941 жылы Семей қаласында құрылған 238-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының жауынгерлік жолына арналған тарихи бейнероликпен ашылды. Сол қиын жылдары туған қаламыз өзінің қайсарлығымен ерекшеленді.
Сахнадан шырқалған әскери әндер көрермендердің жүрегіне жол тапты. Балалықтан таныс әуендер өткен жылдарды еске түсіріп, соғыс буынының өсиетін жаңғыртты.