Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Қала әкімі Водный кентінің тұрғындарымен кездесті

10-04-2025, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов Водный кентінің тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесуге бөлім басшылары қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланды.

Атап айтқанда, жарық, ауызсу, жол сапасы, құдықтардың жағдайы сынды инфрақұрылымдық мәселелер көтерілді. Әр сұраққа жауапты сала өкілдері нақты түсініктемелер беріп, шешу жолдары қарастырылды.

Кездесу барысында қала басшысы кенттің санитарлық жағдайына ерекше назар аударды.

«Қаланы, елді мекендерді таза ұстау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Сенбіліктерге белсенді қатысып, айналаны таза ұстауымыз қажет. Қоқысты арнайы мердігер ұйымдар шығарады, бұл бағытта да бақылау күшейтіледі», – деді Талғат Мұратов.

Бүгінде Водный кентінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 600 орындық жаңа білім ордасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Заманауи мектепті жаңа оқу жылында пайдалануға беру жоспарлануда.

Кездесу соңында қала әкімі көтерілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив