Семейде рұқсат етілмеген көше саудасын алдын алуға арнайы жұмыс тобы құрылды
Семей қаласында рұқсат етілмеген көше саудасының алдын алу және жою, сондай-ақ белгіленбеген орындарда сауданы болдырмау, тиісті санитарлық тәртіп орнату және халықтың санитарлық-эпидемиологиялық әл-ауқатын қамтамасыз ету мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылды.
Бүгінде жұмыс тобы саудагерлермен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, қолданыстағы заңнамаларды бұзу фактілері, белгіленбеген орындарда сатылатын азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігі туралы ақпарат берді.
Саудагерлерге жақын маңдағы базарлар мен сауда үйлеріне орналаса алатыны ескертіліп, балама сауда алаңдары ұсынылда. Атап айтқанда, Чехов көшесінің бойындағы рұқсат етілмеген сауда орындарының иелеріне «Jolaman» сауда-логистикалық орталығынан арнайы орындар бөлініп отыр.
2025 жылдың қаңтар–сәуір айлары аралығында кәсіпкерлік бөлімі жергілікті полиция қызметімен бірлесіп 17 рейдтік іс-шара өткізді. Нәтижесінде 112 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі тіркеліп, оның ішінде 12 адамға айыппұл салынып, 100 азаматқа ескерту берілді. Сонымен қатар, жыл басынан бері жүргізілген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде заңсыз 3 сауда нүктесі таратылды.
Айта кету қажет, рұқсат етілмеген сауда Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 204-бабымен реттеледі.