Cемей9°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.67 592.46 6.32

Абай облысында ҚазТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өтті

10-04-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Абай облысының мәдениет, тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Ұлттық тестілеу орталығының мамандары Семей қаласындағы Шәкәрім университеті мен Медициналық университет базасында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізді.

Аталған шараның мақсаты Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметтер ұсынатын ұйымдар қызметкерлерінің, сондай-ақ В2 деңгейінде меңгерген мемлекеттік қызметшілердің үлесін  арттыру болып табылады.

Тестілеуге облыс бойынша Семей, Курчатов қалалары мен Бородулиха, Көкпекті, Бесқарағай аудандарының мемлекеттік қызметшілері, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, құқыққорғау органдары мен әскери қызметшілерінен тұратын  жалпы саны 532 қызметкер қатысты.

ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу бұдан әрі Курчатов қаласы мен Ақсуат ауданында жалғасатын болады.

Ағымдағы жылы ұйымдастырылған тестілеуге жалпы Абай облысы бойынша жиыны 672 адам қатысады.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив