Семей курсанттары ант қабылдады және қызметке орналасуға ұсыныстар алды
Қорғаныс Министрлігі Әскери-техникалық мектебінің Семей филиалының 30-дан астам курсанттары әскери ант қабылдады. Дәл осы курсанттар ағыны үшін салтанатты ант беру рәсімі 28738 әскери бөлімінің саптық алаңында өтті.
Курсанттардыңжақын туыстарынан басқа, әскери ант қабылдау рәсіміне «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерін жасақтау қызметінің өкілдері де келді. Салтанатты іс-шарадан кейін әскери мектепті бітірген курсанттарға әскери бөлімдерде бос лауазымдар ұсынылды және келісімшарт бойынша әскери қызметшілер үшін көзделген жеңілдіктер түсіндірілді. Іс-шара соңында 15 курсант одан әрі қызмет өткеруге қызығушылық танытты.
Келісімшарт бойынша қызмет өткеруге ниет білдірген курсанттардың қатарында Аягөз гарнизонының инженерлік-саперлік батальонында қызмет өткергісі келетін курсант Жақсылықов Тілекте бар:
Осы оқу жылында әскери дайындалған резерв курсанттары 2025 жылғы 24 ақпан мен 9 сәуір аралығында оқудан өтті. Қырық күн ішінде курсанттар запастағы офицерлердің басшылығымен әскери саперлер мамандығын игерді және оқу курсын аяқтағаннан кейін келісімшарт бойынша одан әрі қызмет өткеру үшін Қарулы Күштер қатарына шақырылуға мүмкіндік алды.
Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі