Cемей16°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
514.94 583.74 6.13

Семей қаласында бірқатар нысандар жаңартылады

11-04-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына дайындық жұмыстары аясында Семей қаласының әкімі Талғат Мұратов Суықбастау кентінде орналасқан «Еске алу тақтасы» мен Б.Байғожина көшесіндегі «Восток» қару-жарақ және әскери техника тарихы мұражайына барып, нысандардың қазіргі жай-күйімен танысты.

Аталған еске алу тақтасы – ел үшін жанын қиған батырларымыздың есімін мәңгілікке қалдырған қасиетті орын. Алайда бүгінде тақтаның техникалық және эстетикалық жағдайы көңіл көншітпейді. Жылдар бойы күтімнің болмауы, уақытылы жөндеу жұмыстарының жүргізілмеуі салдарынан бұл нысан жарамсыз күйге түскен. Қала әкімі осыған орай, жауапты бөлім басшылары мен мердігер ұйым өкілдеріне бұл мәселені жедел түрде шешуді, еске алу тақтасын қалпына келтіруді тапсырды.

«Бұл тақтада ел мен жер үшін жанын қиған ерлеріміздің есімі жазылған. Мұндай жағдайда тұрғаны – қала үшін үлкен сын. Алдымызда Ұлы Жеңістің 80 жылдығы секілді аса маңызды тарихи күн келе жатыр. Біз батырлар рухына лайық құрмет көрсетуіміз керек», – деді қала басшысы.

Сапар барысында әкім Б.Байғожина көшесінде орналасқан «Восток» қару-жарақ және әскери техника тарихы мұражайына да арнайы барды. 2008 жылы ашылған бұл ашық аспан астындағы музей — сол жағалау тұрғындары мен қала қонақтарының жиі баратын сүйікті орындарының бірі. Мұражай аумағында соғыс жылдарында қолданылған әскери техникалар қойылған, алайда қазіргі уақытта бұл нысан да қайта жаңғыртуды қажет етеді.

«Бұл орында қала тұрғындары 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында келіп, гүл шоқтарын қойып, батырларымызды еске алады. Сондықтан мұражай аумағын абаттандыру және жөндеу жұмыстарын дереу қолға алу қажет. Бұл – тек мерекелік шараға дайындық қана емес, жас ұрпаққа патриоттық тәрбие берудің де маңызды бір бөлігі», –деді Талғат Мұратов.

Бөлім және мердігер ұйым басшылары мәселелерді шұғыл түрде шешіп, нысандарды тиісті деңгейде жаңғыртатындарын жеткізді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив