Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.21 590.09 6.3

Облыс әкімі Қайнар ауылындағы аурухананың өзекті мәселелерімен танысты

Кеше, 09:45 Думан Кенжеғазыұлы

Облыс әкімі Жаңасемей ауданына жұмыс сапары барысында Қайнар ауылындағы ауруханада болып, өзекті мәселелерімен танысты.

Медициналық мекеме 1975 жылы салынған. Қазіргі таңда ауруханада 20 төсек-орын қарастырылған. Мекемеде 51 адам еңбек етеді. Алғабас, Ақбұлақ, Абыралы, Айнабұлақ ауылдарындағы медициналық пункттер аурухана құрамына кіреді.

Аурухананың жалпы аумағы бірнеше ғимараттан тұрады. Соңғы жылдары олардың кейбіріне жөндеу жүргізілген. 2023 жылы стационардың шатыры күрделі жөндеуден өтіп, жылу қазандығы жаңартылған. 2024 жылы демеушілер көмегімен желдету жүйесі орнатылған. Сонымен қатар бірқатар заманауи медициналық құрал-жабдықтар сатып алынған.

Медициналық мекемеде бірқатар мәселелер бар. Аурухана ғимаратының ішкі, сыртқы электр желілері, есік-терезелері жаңартуды қажет етеді. Нысанға күрделі жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге облыстық тиісті басқармаға бюджеттік өтінім жолданған.

Аурухананың бас дәрігері облыс әкіміне амбулатория ғимаратының ескіргенін айтып, жаңа ғимарат салу туралы ұсынысын жеткізді. Облыс әкімі Абыралы өңірінің бірнеше ауылына қызмет көрсететін аурухананы жаңғыртудың маңызы зор екенін атап өтті.

«Ауыл халқына қолжетімді әрі сапалы медициналық қызмет көрсету – біздің басты міндетіміз. Семейден 300 шақырым жерде орналасқан Қайнар елді мекеніндегі аурухананың мәселелерін жақсы білемін. Мекеменің материалдық-техникалық базасын кезең кезеңімен жаңғыртамыз. Әкімдік тарапынан тиісті қолдау көрсетіледі», – деді аймақ басшысы.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив