Cемей14°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
516.91 586.33 6.3

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту: Абай облысы ТЖД қызметкерлері қауіптер мен заң талаптарын талқылады

14-04-2025, 17:52 Думан Кенжеғазыұлы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамымен жедел кеңес өткізді. Іс-шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, құқықтық сауаттылықты арттыруға және қызметтік міндеттерін орындау кезінде бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған.

Кездесу барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері А.Е. Адельханов «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін, Қылмыстық және Әкімшілік кодекстердің нормаларын, Агенттіктің өкілеттіктерін, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік» қағидаттарын егжей-тегжейлі жеткізді. Төтенше жағдайлар департаментінің Анықтау бөлімшелерінің қызметіндегі жемқорлық тәуекелдеріне ерекше назар аударылды.

Іс-шара шеңберінде өрт және өзге де оқиғалар фактілері бойынша материалдарды анықтау және жинау кезінде туындайтын үлгілік жағдайлар да қаралды. Қатысушылар жедел ден қою, іс жүргізу құжаттарын дұрыс ресімдеу және азаматтармен әдепті өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады.

Департамент өкілі «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтау қоғамның мемлекеттік қызмет органдарына деген сенімінің негізі болып табылатынын атап өтті.

Кездесу соңында қызметкерлер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды және өздерінің кәсіби қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормаларын мүлтіксіз сақтауға дайын екендіктерін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив