Қазақстанда ауылдық аудандарды ТЖ-дан қорғауға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев өрт қаупі жоғары кезеңнен өту үшін кешенді шаралар қабылданғанын атап өтті. Экология министрлігімен бірлесе отырып, ведомствоаралық жоспарды бекітті, табиғи өрттерге, оның ішінде шекаралас мемлекеттермен әрекет ету алгоритмдері түзетілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев мәлімдеді.
Өңірлерде аумақты тазарту және жырту жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ орманды дала алқаптарында алдын алу шаралары басталды. Әкімдіктерге өрттің қауіпті кезеңіне дайындықтың жеткіліксіздігі туралы 700-ден астам ескерту берілді. Сонымен қатар, Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жаз құрғақ, шөпті болады деп күтілуде, сол арқылы өрт қауіптілігінің жоғары қаупі сақталады.Мобильді топтардың күнделікті рейдтері жалғасуда, оның барысында 475 бұзушы анықталды.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, жаз құрғақ, шөпті болады деп күтілуде, сол арқылы өрт қауіптілігінің жоғары қаупі сақталады. Қазіргі уақытта ҚР ТЖМ Командалық орталығында тәулік бойы жедел топ жұмыс істейді. Өрт ошақтарының алдын алуға және ерте анықтауға баса назар аударылады. «Орман» және «Табиғат» ақпараттық жүйелері, орман шаруашылықтарының бейнебақылау деректері, космомониторинг және ТЖ геоақпараттық жүйесі арқылы өрт жағдайына мониторинг жүргізіледі.
Кеген Тұрсынбаев сондай-ақ орман алқаптары бар өңірлерде Министрліктің әуе кемелері мен табиғат қорғау мекемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылғанын атап өтті. Қорғаныс министрлігінің, Ұлттық ұланның және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің су шашатын құрылғылары бар әуе кемелерін тарту алгоритмі бекітілді. Ықтимал қауіпті аймақтарда ұшқышсыз ұшу аппараттары іске қосылады. Өрт қауіпті жағдайды бақылау үшін күнделікті аэровизуалды ұшулар жоспарланып, Министрліктің әуе топтамасы күшейтілуде.
Ол мамыр айында орман алқабы бар өңірлердің бірінде авиацияны тарта отырып, республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуларды, сондай-ақ өрт сөндіру бекеттері мен ерікті құралымдары бар өрт-тактикалық оқу-жаттығуларды өткізу жоспарланғанын айтты.
Ауылдық аудандарды төтенше жағдайлардан қорғау деңгейін арттыру үшін «Ауыл құтқарушылары» ведомстволық бағдарламасы іске қосылды. Жаңа форматта Қарағанды облысының Красная поляна, Ақмола облысының Қызылсуат, Батыс Қазақстан облысының Жарсуат, Алматы облысының Матыбұлақ және Абай облысының Глуховка ауылдарында 5 өрт сөндіру бекеті ашылды.
Бұл бекеттер қажетті техникамен, жабдықтармен және нысанды киім-кешекпен қамтамасыз етілген, сондай-ақ еріктілерді орналастыру үшін жағдайлар жасалған.
Сондай-ақ, барлық қолданыстағы бекеттерде кезең-кезеңімен жөндеу жүргізу жоспарлануда.
Еліміз бойынша жыл бойы 400-ге жуық өрт сөндіру бекеттері жұмыс істейді. Министрлік оларға 185 бірлік өрт сөндіру техникасын беруге дайын.
Вице-министр өрт қаупі жоғары кезеңге азаматтық қорғау қызметтерінің күштері мен құралдары көзделгенін айтты. Министрліктің күштері мен құралдарын Павлодар облысы мен Абай облысындағы екі ірі орман өртін сөндіруге көшіру жүзеге асырылды, бұл оларды уақтылы жоюға мүмкіндік берді. Жалпы, Министрліктің күштері мен құралдары табиғи өрттерге жедел ден қоюға дайын.