Cемей-2°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Жол ережесін бұзуды тіркейтін камераларды тиісті құрал-жабдықтарсыз әрі қажетсіз тексерген зертхана жұмысы тоқтатылды

16-04-2025, 16:17 Думан Кенжеғазыұлы

Астана қаласының апелляциялық сатыдағы соты «Metrological Expert» ЖШС шағымын қанағаттандырмай, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі сотының қаулысын өзгеріссіз қалдырды. Астана қаласы бойынша метрология саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесі жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Metrological Expert» ЖШС қатысты ҚР ӘҚБтК 415-1-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 48 хаттама толтырылды.

Әкімшілік істерді қозғауға негіздеме және себеп - МЕМСТ ISO/IEC 17025-2019 «сынақ және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» Мемлекетаралық стандартының нормаларын бұзу болды. Осылайша, серіктестіктің тексеру зертханасы «жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды автоматты фото және бейнетіркеудің аппараттық-бағдарламалық кешендеріне» тексеру рәсімдерін жүргізу кезінде өлшеуге арналған тиісті жабдықтар болмаған және қоршаған орта жағдайлары сақталмаған, сондай-ақ бастапқы байқаулардың жазбалары болмаған.

Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2025 жылғы 30 қаңтардағы шешімімен «Metrological Expert» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 415-1-бабының 1-бөлігі бойынша 8 307 000 (сегіз миллион үш жүз жеті мың) теңге көлемінде айыппұл салумен, тексеру зертханасын аккредиттеу аттестаты мен Д.С. Қапаров салыстырып тексеруші аттестатын осы өлшеу бағыты бойынша 6 ай мерзімге тоқтатылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған еді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив