Cемей-4°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
521.9 593.5 6.39

Мемлекеттік орман қорының 5,6 млн га аумағы өртті ерте анықтау жүйесімен қамтылмақ

17-04-2025, 15:50 Думан Кенжеғазыұлы

Көктем мезгілінің келуімен өрт қауіпі жоғары кезең басталады. Бұл маусым еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде 26 наурыздан, солтүстік және орталық өңірлерде 7 сәуірден, ал шығыста 14 сәуірден басталады.

2025 жылдың басынан бастап еліміздің мемлекеттік орман қоры аумағында жалпы ауданы 4831 га болатын 32 орман өрті тіркелді, олардың пайда болуының негізгі себептері - дала өрті мен құрғақ найзағай.

Айта кету керек, орман өрттерін жою олардың уақтылы анықталуына байланысты, ал орман өрттерін анықтау мен жоюдың тиімді әдісі - ормандарды авиациялық қорғау.

Сондай-ақ, орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жалғасуда. Оны енгізу нәтижесінде «Ертіс орманы» резерватының аумағында бір өрттің орташа ауданы 2023 жылғы 11,6 гектардан 2024 жылы 0,1 гектарға дейін төмендеді.

Биыл аталмыш жүйе  «Семей орманы» резерваты мен 23 орман шаруашылығында орнатылады. Жыл соңына қарай орман өртін ерте анықтау жүйесімен 5,6 млн. гектар мемлекеттік орман қоры қамтылатын болады.

Сонымен қатар, орман өрттерінің алдын алу бойынша:

- 11 мың км көлемінде минералданған жолақтар мен өртке қарсы үзілістер жасау;

- қолданыстағы ұзақтығы 310 мың км минералды жолақтарға күтім жасау;

- Көктемгі кезеңде дала өрттерінің орман қорына өтуін болдырмау мақсатында 15 мың км көлеміндегі аумақта қураған шөптерді өртеу жоспарланған.

Жыл басынан бері ЭТРМ мекемелеріне 136 шағын орман өрт сөндіру кешені мен 60 трактор жеткізілді. Маусым айының соңына дейін қалған 166 өрт сөндіру машинасы, 27 шағын орман өрт сөндіру кешені және 15 трактор жеткізіледі деп күтілуде.

Жыл соңына дейін әкімдіктердің орман шаруашылықтарына 186 өрт сөндіру машинасын, 186 шағын орман өрт сөндіру кешенін және 247 трактор сатып алу жоспарланған.

Осы шаралар еліміздегі өрт қаупі жоғары 11 өңірде орман шаруашылығы мекемелерін  100% жарақтандыруға мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив