Cемей6°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат12°С
  • Бородулиха6°С
  • Қалбатау7°С
  • Курчатов11°С
  • Көкпекті14°С
  • Үржар16°С
471.93 548.43 6.61

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы болып Сергей Ли тағайындалды

21-04-2025, 18:19 Думан Кенжеғазыұлы

ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен, ҚР Президенті Әкімшілігі мен Үкіметі Аппаратының келісімі бойынша Ауыл шаруашылығы министрлігінің аппарат басшысы болып Сергей Ли тағайындалды.

Сергей Михайлович Ли 1973 жылы дүниеге келген. Санкт-Петербургтегі РФ ІІМ Ішкі әскерлерінің жоғары әскери командалық училищесін «құқықтану» мамандығы бойынша, сондай-ақ Қазақ-Ресей халықаралық университетін «есеп және аудит» мамандығы бойынша тәмамдаған. Заң ғылымдарының кандидаты.

Еңбек жолын банк саласында бастаған. «Казагропромбанк» АҚ Ақтөбе облыстық филиалында және «Казкоммерцбанк» АҚ Ақтөбе филиалында заңгер болып жұмыс істеген. Салық қызметі органдарында қызмет атқарған: бас маман, құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысы салық департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, сондай-ақ Ақтөбе қаласының салық басқармасын басқарған.

Ақтөбе облысы бойынша сот актілерін орындау департаментін басқарған, ҚР Жеке сот орындаушылары республикалық палатасының басқарма төрағасы қызметін атқарған, 2019 жылдың қыркүйегінен бастап Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, Сауда және интеграция министрлігінің заң қызметі департаментінің директоры лауазымдарын атқарған.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін «QazExpoCongress» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив