Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Алматыда халықаралық ғылыми форумда «Орталық Азия – Қытай» форматы талқыланды

Бүгін, 17:26 Думан Кенжеғазыұлы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі – Алматы қаласындағы ҚР СІМ Өкілдік басшысы Жәнібек Әбдрашов «Қытайлық үлгідегі модернизация және Қытай мен Орталық Азия елдерінің ортақ тағдыры қоғамдастығы» атты халықаралық ғылыми форумға қатысып, сөз сөйледі.

Іс-шараны «Бір белдеу және бір жол» эксперттік клубы, Қытай Халық Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы және ҚХР-дың «Синьхуа» ақпарат агенттігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Аталған форумға Алматыда аккредиттелген дипломатиялық корпус, қазақстандық ғалымдар, Орталық Азия елдерінің сарапшылары, сондай-ақ Қытай кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Ж.Әбдрашов «Орталық Азия – Қытай» форматы 2023 жылы Сиань қаласында өткен алғашқы Саммиттен кейін өңірлік өзара іс-қимылдың маңызды тетігіне айналғанын атап өтті.

Сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту, инфрақұрылым мен логистиканы дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су ресурстары бойынша бірлескен саясат қалыптастыру және озық технологияларды тарту бағыттарына ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ СІМ Өкілдік басшысы ағымдағы жылдың сәуір айында «Орталық Азия – Қытай» форматында сыртқы істер министрлерінің кездесуін және Қазақстанда өтетін «ОА-Қытай» екінші саммитін өткізуге бағытталған белсенді дайындық жұмыстарына назар аударды.

Форум соңында қатысушылар өңірдің тұрақты, бейбіт әрі жасампаз дамуы жолында өзара ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін білдірді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив