Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

Семейде бітімгерлердің соңғы легін қарсы алды

Бүгін, 09:21 Думан Кенжеғазыұлы

Семей халқы Голан жоталарында қызмет атқарған әскери қызметшілердің соңғы легін қарсы алды. БҰҰ миссиясы аясында мінсіз қызмет атқарған жауынгерлерді қарсы алуға «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Мараловта қатысты. Бұл күні халықаралық «Абай» әуежайына жиналған әскерилер мен бітімгерлердің отбасы мүшелерінің қуанышында шек жоқ. Олардың оралу құрметіне халық әндері шырқалып, қымыз бен бауырсақ ұсынылды. 

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы полковник Жеңіс Маралов жауынгерлерді салтанатты түрде марапаттап, күрделі жағдайларда қызмет еткен бітімгерлерлердің ерліктері мен табандылықтары үшін алғысын білдірді. 

- Бір жылдың ішінде 200-ден астам жарылмаған снарядтарды залалсыздандырып, БҰҰ-ның қызметкерлерін медициналық эвакуациялау бойынша өз өмірлеріңізді еш ойланбастан қатерге тігіп, кәсіби даярлықтың жоғары деңгейін, іс қимылда бірлесіп, жедел әрекет етудің шеберлігін көрсеттіңіздер. Сіздердің бұл еңбектеріңіз – болашақ ұрпаққа үлгі, еліміздің абыройын асқақтатқан ерлік. Қазақстанның алғашқы дербес бітімгершілік контингентінің мүшелері ретінде тарихта қаласыздар, - деп атап өтті полковник Жеңіс Маралов.

Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі


Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив