Cемей24°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.07 595.21 6.37

«Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті

Бүгін, 11:18 Думан Кенжеғазыұлы

23 сәуір – Ұлттық кітап күні. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үшінші Ұлттық Құрылтайдың негізгі отырысында берген тапсырмасына байланысты пайда болған атаулы мереке биыл алғаш рет атап өтілмек. Сондай-ақ 23 сәуір – Халықаралық кітап және авторлық құқық күні. Атаулы күнге орай Семей қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде желілік «Кітап әлемді бағындырады» акциясы өтті. Акция аясында 300-ден астам оқушы мен мектеп қызметкері бір-біріне кітап сыйлады.  

Жоба барысында әрбір қатысушы мектеп кітапханашысына ғана белгілі арнайы бекітілген нөмерге ие болады. Осы арқылы оқырмандар құпия түрде кітап сыйлығын дайындайды. Акцияның ең ерекше һәм қызықты тұсы да осында. Мектеп алаңында нөмер арқылы бір-бірін іздеген ұстаздар мен зияткерлер мәре-сәре болып, кітаппен алмасады. Кітап сүйер қауымның айтуынша, аталмыш күнді әр жыл сайын асыға күтеді. 

Дәстүрлі іс-шараның басты мақсаты – барша мектеп қауымдастығын кітап оқуға ынталандырып, оқырман мәдениетін қалыптасыру.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив