Cемей13°С
Ауа-райы
  • Абай-17°С
  • Аягөз-10°С
  • Ақсуат-15°С
  • Бородулиха-17°С
  • Қалбатау-15°С
  • Курчатов-4°С
  • Көкпекті-11°С
  • Үржар-10°С
518.34 591.06 6.27

Семейде көше жарығын қалпына келтіру мәселесі талқыланды

Бүгін, 10:09 Думан Кенжеғазыұлы

Қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев көшелердегі жарықтандыру жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында көшпелі кеңес өткізді.

Жұмыс барысында Тұрлыханов даңғылы, сондай-ақ Титов және Қаржаубайұлы көшелеріндегі жарықтандыру жүйелерінің техникалық жай-күйі тексерілді. Аталған көшелердегі жарық шамдарының толық жанып тұрмауы, кейбір бағаналардағы шамдардың істен шығуы және қараңғы уақыттағы көріну деңгейінің төмендігі сынға алынды.

«Қаланың негізгі көшелеріндегі жарықтандыру тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлы жүріп-тұруы үшін аса маңызды. Бұл бағытта кемшіліктерге жол беруге болмайды. Қала тұрғындарының өтініштері мен шағымдары ескерусіз қалмайды», - деді Бекжан Бапышев кеңес барысында.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты бөлім басшыларына жарықтандыру жүйелерін ретке келтіріп, ақауларды жою және көшелерді толық жарықтандыру бойынша нақты тапсырмалар берілді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив