Cемей3°С
Ауа-райы
  • Абай12°С
  • Аягөз6°С
  • Ақсуат6°С
  • Бородулиха-2°С
  • Қалбатау5°С
  • Курчатов13°С
  • Көкпекті5°С
  • Үржар9°С
455.12 498.99 5.55

Семейде аналарға ерекше құрмет көрсетілді

24-04-2025, 16:41 Думан Кенжеғазыұлы

Семей қаласы әкімдігінде ел Президентінің Жарлығына сәйкес көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары салтанат түрде табысталды. Марапаттау рәсімінде қала әкімінің міндетін атқарушы Бекжан Бапышев аналарды құттықтап, жүрекжарды лебізін жеткізді.

«Ана – ұлттың ұйытқысы, отбасының шуағы. Сіздердің мейірімді жүректеріңіз бізге әрдайым үлгі. Балаларыңыздың тәрбиесі мен ел болашағына қосқан өлшеусіз еңбектеріңіз үшін зор алғыс білдіремін», – деді Бекжан Бапышев.

Жиын барысында 9 анаға «Алтын алқа», 22 анаға «Күміс алқа» табысталды.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив