Cемей11°С
Ауа-райы
  • Абай20°С
  • Аягөз15°С
  • Ақсуат17°С
  • Бородулиха11°С
  • Қалбатау13°С
  • Курчатов25°С
  • Көкпекті16°С
  • Үржар19°С
515.03 584.82 6.24

Активтерді қайтару: Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына 1,4 млрд теңге бөлінді

Бүгін, 18:48 Думан Кенжеғазыұлы

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде заңсыз иемденілген активтер есебінен әлеуметтік маңызы бар нысандар салу жобалары жүзеге асырылуда. Ақтөбе облысында медициналық мекемелердің құрылысына Арнаулы мемлекеттік қордан шамамен 1,4 млрд теңге бөлінді. 

Қаражат 11 нысанның: медициналық және фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар құрылысына бағытталды. 

2025 жылы Ақтөбе облысының келесі аудандарында фельдшерлік-акушерлік пункттер:

  • Ыргыз ауданы, Нұра ауылы

  • Байғанин ауданы, Ноғайты ауылында салынады.

Сондай-ақ медициналық пункттер:

  • Шалқар ауданы, Шоқысу ауылы, 

  • Шалқар ауданы, Сарысай ауылы,

  • Мұғалжар ауданы, Жарық ауылы,

  • Шалқар ауданы, Тоғыз ауылы,

  • Қобда ауданы, Бегалы ауылы,

  • Ырғыз ауданы, Жарма ауылында  салынады.

Дәрігерлік амбулаториялар:

  • Мұғалжар ауданы, Қайыңды ауылы,

  • Мұғалжар ауданы Мұғалжар ауылы,

  • Алға ауданы, Маржанбұлақ ауылында салынбақ.

Медициналық мекемелердің барлығы тәулігіне 25-45 келушіге қызмет көрсетуге есептелген, бұл жергілікті тұрғындар үшін сапалы медициналық қызметтің жоғары қолжетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив